19 наурызда болатын Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 12 миллионға жуық сайлаушы дауыс бере алады.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында белгілі болды.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар реестріне 11 976 406 сайлаушы енгізілген. Олар тұрғылықты жері бойынша алдын ала сайлау учаскелеріне бөлінді.
Сайлаушылардың ең көбі – 1 117 507 азамат Түркістан облысында, ең азы – 137 277 азамат Ұлытау облысында тұрады.
Еске салсақ, мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау биыл 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталды, ол 8 ақпан күні сағат 18.00-де аяқталады.
Алдағы мәжіліс сайлауына Қазақстанда тіркелген 7 саяси партия да қатысады.