30 желтоқсанда жергілікті тұрғын Абай аудандық полиция басқармасына 15 жасар қызының жоғалып кеткені туралы шағымданды. Белгілі болғандай ол туыстарымен жанжалдасып, белгісіз бағытта үйінен шығып кеткен. Бұған дейін де кәмелетке толмаған қыз үйден 3 рет кетіп қалған, алайда полиция оны тауып, ата-анасына қайтарған.
Қазіргі таңда, 5 тәулік бойы оны учаскелік инспекторлар, Шымкент қаласы ПД-нің жедел уәкілдері мен еріктілер іздеуде. Қыздың белгілері: бойы 165-170 см, шашы қара қоңыр, көздері қоңыр. Үстіне қара түсті күртеше мен шалбар киген, аяғында ашық түсті кроссовка болған. Жасөспірімнің орналасқан жері туралы кез келген ақпараты бар және оны көрген азаматтар болса кез «102» арнасына немесе 8777-679-18-24 нөміріне хабарлауды сұраймыз.