Дәл қазір Шымкенттің жылу маусымына дайындығы – 80 пайыз

Құбырларды жөндеу жұмыстары 15-қазанға дейін аяқталады.

Қазанның 15-не дейін қала қысқа толық дайын болады. Бүгін «3-энергоорталықтың» өкілдері табиғи монополияларды реттеу басқармасының өкілдерін осылай деп сендірді. Алайда, қаланы жылуға қоспай жатып, жылу берушілер жер астынан жік шығарды. Олар аталған басқармадан жылу тарифін көтеруді сұрайды. Соңғы бес жылдан бері жылу бағасын көтермедік деген коммуналдық қызмет басшылары, шығынға батып жатырмыз дейді.

Құбырларды жөндеу жұмыстары 15-қазанға дейін аяқталады.
Құбырларды жөндеу жұмыстары 15-қазанға дейін аяқталады.

Жылу берушілер қаланы қысқа дайындау жұмыстарының 80 пайызы орындалғаны туралы БАҚ өкілдеріне баяндады. Биылғы қыста тұрғындардың мұрны да тоңбайды деп кепілдік береді «3-энергоорталықтың» өкілдері.

Қыдырәлі Насибов, «3-Энергоорталық» АҚ-ның бас инженері: «5,5 шақырым үлкен магистральді құбырлар жаңарды. 7 шақырым ішкі орамдық құбарлар ауыстырылды. Қазір жұмыстар 75-80 пайызға бітті. 15-қыркүйекке дейін жоспардағы жұмыстарды толықтай аяқтаймыз».

Алайда, жылудың жайы реттелді деп жыл сайын жар салады коммуналшылар. Бірақ, бар кемшілік қыста, жылыту маусымы басталғанда барып байқалады. Өткен жылдардың тәжірибесі қыс ауасы қырауда тұрғындардың пәтерінде отырып бүрсең қаққанын көрсетті.

Мұның себебін жылу берушілер құбырлардың тым тозып кеткенімен түсіндірген. Дәйектеріне сүйенсек, шаһардағы жылу магистральдарының 65 пайызы толықтай жаңартуды қажет етеді екен. Ал ол үшін қаржы керек. Монополист мекеме теңге тапшылығын шешудің жалғыз жолын көріп отыр. «Жылу тарифын кем дегенде 30 пайызға көтеру керек, әйтпесе, шығынға батып жатырмыз» дейді «3-энергоорталық» өкілдері.

Нұрмахан Жолдасов, ОҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы: «Бұл – 2015 жылға дейін болмайтын іс. Жылу бағасы тек сол жылу берушілер жағатын газдың құнына байланысты көтерілуі мүмкін. Өйткені, біз көгілдір отынды Өзбекстаннан аламыз. Бірақ ол іс алдағы жылдардың еншісінде».

Мамандардың сөзінше, жұмыстар кесте бойынша жасалып жатыр. Енді жылу құбырының 17 шақырымы жөнделсе болғаны, «ала жаздан дайындалған шана» қысқа толық дайын болмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=phOx3NI1mms[/youtube]