Шымкентте қоғамдық көлік 75 бағытта жұмыс істейді

41

Шымкентте 1000-ға жуық қоғамдық көлік бар. Автобустар 78 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметін атқарады.

Оның 75-і әлеуметтік мәні бар маршруттардың тізіміне енеді. Олар 10 автопаркке бөлінген. Осы автобустардың 600-і жанармай ретінде экологиялық таза газ-метанды қолданады. Ол үшін арнайы 2 газ станциясы қызмет жасақталған.

Қоғамдық көліктің сапасын арттыру үшін «Диспетчерлік қызмет орталығы» жұмыс істейді. Ал көлік қозғалысын онлайн көрсететін «I-Kolik» мобильді қосымшаны қолданушылар саны 200 мыңнан асты.