Жұлдызыңыз не дейді? 2023 жылға жұлдыз-жорамал

1577
сурет freepik.com сайтынан

Тоқты
Тоқтылар 2023 жылы кәсіби жолына өзгеріс енгізіп, тіпті түбегейлі ауыстырып, 2020-2022 жылдары бастаған ісін кеңейтуі мүмкін. Тоқтыларға жаңа жыл өзгерістер жылы болмақ. Айналасындағы дос-жарандарының шеңбері тарылуы мүмкін. Жыл басында өз мүміндігіңізді көрсетуге кедергі келтіретін жайттар болса да екіншіжартыжылдықта мүмкіндіктеріңіз көбейеді, ең бастысы, тағдыр сыйын бағалай біліңіз.
Жұмыста кәсіби өсу мүмкіндігі туады. Кейбір тоқтылар кірісін едәуір арттырудың жолын табады.

Торпақ
2023 жылы жаңа таланттарды ашылады. Бірақ көбі өзіне деген сенімсіздігінен оны көрсете алмайды. Сенімді бола түсіңіз. Алыс жаққа сапар шегуге мүмкіндік туады. Қызметіңізде өзгерістер күтіп тұр: жаңа орын, іссапарлар, қызметте өсу сияқты жағымды жаңалықтар болады.
Торпақтар бизнесін ашуды ойланып, сол бағытта алғашқы қадамын жасайды.

Егіздер
Сізді жаңа оқу, табыс молайту, жаңа мақсаттар мен жоспарлар күтіп тұр. Мүмкіндігіңіз бен амбицияңызды басқара білсеңіз, кәсіби деңгейіңіз өседі. Сондай-ақ, жаңа достар сіздің өміріңізге ерекше әсер етеді. Жыл басында-ақ оқиғалардың сіз күткендей дамымайтыны және жоспарларды түзету қажет екені мәлім болады.
Болашағыңыз жөнінде маңызды шешімдер қабылдауыңыз мүмкін. Кейбір егіздер отбасына көбірек көңіл бөлуі керек.

Шаян
Сізге кейбір жерде біршама қиын болып, түрлі сынақтар күтеді. Серігіңізде тосын сый болуы мүмкін. Табысыңыз артады, бірақ кейбір шаяндарда керісінше азаюы мүмкін. Достарыңызға көп сенім артпай, өз күшіңізге сеніңіз.
Жылдың соңғы айларында шыдамды болу маңызды. Осы кезеңде сіз болашақ табыстар үшін негізгі жұмыстарды жасайсыз. Әрине нәтиже бірден болмайды, бірақ сізде бұл сынақты жеңу үшін даналық пен өмірлік тәжірибе жеткілікті.

Арыстан
Арыстандардың танымалдылығы артады, алайда қарым-қатынасыңызға көңіл бөлу маңызды. Серігіңізге көбірек көңіл бөліңіз, әйтпесе араларыңыз суып кетуі мүмкін. Жұмыста сізді табыс күтеді. Мансабыңыз көтеріліп, жұмыста жаңа жоспарлар пайда болып, беделіңіз артады.
Есіңізде болсын: әл-ауқатыңызды арттыру үшін жұмыс істеп, талмай еңбектенсеңіз, табысыңыз еселенеді. Желтоқсан айы қарбалас өтуі мүмкін.

Бикеш
Көп ақша ұстап, жыл бойы жақсы табысқа кенелесіз. Кірісіңіз артады. Мұның бәрі де серігіңіздің айлығы өсуіне де байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, денсаулығыңызды міндетті түрде қадағалаңыз, дәрігерге уақытылы қаралған жөн.
Эмоционалды күйіңізді бақылаңыз. Ашуға бой алдырмау өте маңызды. Сіз әлі де көп нәрсені істеуіңіз керек, бірақ күш-жігеріңізді жоғалтпаңыз.

Таразы
Қарым-қатынас ауқымы кеңейіп келеді – жаңа серіктестер, бизнес таныстықтар болады. Егер сіз жалғыз болсаңыз, жұбыңызжы кездестіруге мүмкіндік бар. Жеке өмірге, балаларыңызға және жаңа адамдарға ерекше көңіл бөлген дұрыс. Адамдардың арасында көбірек болсаңыз, мейлінше көзге түсе аласыз.
Шамадан тыс сенімділік үлкен шығындарға әкелуі мүмкін. Жылдың соңғы айлары іскерлік және жеке қатынастар тұрғысынан қолайлы.

Сарышаян
2023 жылы денсаулыққа көп көңіл бөлу керек. Жүйке аурулары, оқыс аурудан сақтаныңыз. Сондай-ақ, үйіңізде жалғыздық сезініп, отбасыңыздың жағдайға көңіліңіз толмауы да мүмкін. Бірақ бәрі де өткінші. Еңбек етіп, көңілді жүрсеңіз, жақсы күндер көбейеді. Үйіңізді жөндеп, басқа жаққа қоныс аударып, не жұмыс ауыстыру сияқты өзгерістер күтіп тұр.
Өзіңізді әлдеқайда жігерлі сезінесіз, сонымен қатар көптеген жаңа нәрсені үйренесіз. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

Мерген
Биыл сізді романтика мен балалы болу сияқты жаңалықтар күтеді. Мұның бәрі сізді жеке тұлға ретінде өзгертеді, тіпті достық шеңберіңіз бен үйреншікті қарым-қатынасыңызға да әсер етеді. Машина сатып алуыңыз мүмкін.
Жылдың соңғы айларын сіз өте табысты өткізесіз, өзіңіз үшін де, жақындарыңыз үшін де көптеген пайдалы нәрсе жасай аласыз. Отбасының болашағын ойлануға, ерекше қымбат адамдарыңыз жөнінде жоспар құруға жақсы уақыт.

Тауешкі
Биыл көп үнемдеуге тура келеді, мүмкін кейбір тауешкілер үй ауыстырып, табысын қайта қарауды ойластырады. Қаржылық сақтық жасау артық етпейді. Сіз өзіңіз қалаған жетістіктерге жетесіз, алайда алда кішігірім сынақтар күтеді.
Кейбір тауешкілер сүйіктісімен саяхатқа шығады. Көп жұмысты кезең-кезеңге бөліп, әрқайсысына дұрыс уақыт пен күш-жігер жұмсай білу де маңызды.

Суқұйғыш
Биыл суқұйғыштар үшін қиындау болады. Қазір істеп жүрген жұмысыңызды белгілі бір жүйеге келтірген жөн. Жыл басынан-ақ жауапкершілікті қолға алмасаңыз, артынан қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Машина сатып алу, көшу күтіп тұр. Бәрі сіздің күш-жігеріңізге байланысты.
Жыл соңы сөзсіз қуантады. Кез-келген оқиғадан пайда алу үшін дұрыс уақытта дұрыс жерде боласыз. Көптеген іскерлік бастамалар сәтті өтеді. Табыс айтарлықтай өсуі мүмкін.

Балықтар
Биыл ақша жағы өзекті, қомақты шығындарға байланысты кіріс-шығысты есептеп, үнемдеген жөн. Жақын адамыңыздың жылуы жетіспей, жалғыз сезінсеңіз, жаңа әсер іздеңіз. Спортқа бет бұрған жөн. Жұбыңызды жыл соңына қарай кездестіруіңіз мүмкін.
Қаржыныңжай-күйін бақылау маңызды болады. Несие алмаған жөн. Жылдың көптеген балықтарға іскерлік саладағы өзгерістермен байланысты өтеді.

Ońtústik Rabat газеті, №1 (05.01.2023)