“Іскер қала” жобасының 100 кәсіпкерге шарапаты тиді

33

Шымкентте «Іскер қала» бағдарламасы 100 жобаға көмек көрсетті. Жаңа жоба кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 бағыт бойынша жұмыс атқарды.

Ол үшін былтыр «Даму» қорынан 944 млн. теңге бөлінген. Оның 890,4 млн. теңгесі жұмысы тұралап қалған бизнестің әлеуетін арттыруға бағытталды. Оның ішінде 92 жобаның өзіне 800 млн. теңге шағын несие берілді.

Сонымен қатар 57 млн. теңгесі пайыздық сыйақы субсидиясына жұмсалды. Ал қалған 33,4 млн. теңгеге 8 жобаның өндірістік жалдау ақысы өтелген.