Көпқабатты тұрғын үйде өрт болды

20

Апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары қала аумағында орын алған түрлі төтенше жағдайлар орнына жедел барып, қажетті жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Осындай жағдайдың бірі Әл-Фараби ауданы, Ә.Молдағулова көшесі бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде орын алды. Бесінші қабаттағы пәтердің бірінде өрт туралы хабарлама 17 ақпанда сағат 13.47-де «101» басқару пультіне келіп түскен. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Екі адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Орын алған өрт кезінде қорқып қалған азаматшаға көмек көрсетілді. Апаттар медицинасы орталығы филиалының психолог маманы қатты стресс алған азаматшаға психологиялық көмек көрсетті.