“Құлдықта болдым”: Түркістанда 25 жыл құжатсыз жүрген шетелдік әйел еліне қайтарылады

35

Түркістан облысында 25 жыл бұрын іс түссіз жоғалып кеткен шетелдік азаматша табылды. Ол өткен жылы Шымкент қаласындағы дағдарыс орталығына келіп жүгінген.

Сөзінше оны 10 жасында әке-шешесі сатып жіберген. Кейін Сарыағаш ауданындағы притонда сексуалдық құлдықта болғанын айтқан. Істі Түркістан облыстық ПД тіркеп, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптамалар жүргізілді.

Гүлнар Абдужаппарова, ТО ПД баспасөз хатшысы: “Өзбекстан азаматының яғни үй күйсіз құжатсыз жүрген адамның ісі келіп түсті. Полиция департаментімен жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде департамент қызметкерлері Өзбекстан Республикасы Қашқадария облысында тұратын ата-анасын тапты. Шетел азаматына құжаттарын жасап беруге көмек қолын созылуда. Қазір әйелді үйіне жіберу жұмысы жүріп жатыр”

Енді 40 жастағы әйелді өз ата-анасымен қауышады. Жедел тексеру барысында оның 17 жасында үйінен кетіп қалғаны белгілі болды.