Úı ANONS Сайлауға қатысуға Шымкентте 127 адам ниет білдірген

Сайлауға қатысуға Шымкентте 127 адам ниет білдірген

Алдағы 19 наурыздағы сайлау қызу өтетін сияқты.  Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Қайырбек Құнанбаевтың  мәліметінше, қалалық мәслихаттаы бір орынға 3 адам күресуде. Естеріңізге сала кетейік, қалалық мәслихат 32 депутаттан құралады.

Сайлау комиссиясы төрағасының мәліметі бойынша 6 ақпанда Шымкент қаласы бойынша 14 адам ұсынылды, оның ішінде 2 адам Парламент Мәжілісіне , Шымкент қаласының мәслихатына 12 адам. Бұл  әзірге хаттамаға енгізілгендер.

Сайлауға қатысуға 127 адам ниет білдірген, олардың 108 мәслихатқа, 19- Мәжіліске 102 бір мандатты округ бойынша, 6-ы партиялық тізім бойынша.