Шымкентте 4-17 аралығындағы балалар тегін үйірмеге қатыса алады

99

Шымкентте 1500-ден астам бала тегін үйірмеге қатысады. Артспорт бағдарламасы аясында жұмыс істейтін үйірмелер қалалық білім басқармасының қаржыландыруымен шығармашылық және роботехника мен компьютерлік графика бойынша қосымша білім береді. Қаладағы 5 орталық пен FGS Болашақ ұрпақ мектебінің оқушылары есеп беру ретінде концерт пен көрме ұйымдастырды.

Бұл шығармашылық үйірме орталығының есеп беру көрмесі. Мұнда шымкенттік 4-17 жас аралығындағы кез-келген бала өзінің қызығушылығына байланысты қосымша үйірмеге қатыса алады. Мемлекеттік артспорт бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан орталықтар оқушыларға тегін қызмет көрсетеді.

Айгүл Мейірбекова, FGS Болашақ ұрпақ мектебінің директоры, құрылтайшысы: «Артспорт бойынша біздің негізгі бағытымыз шығармашылық. Сурет салу, вокал, хореграфия, аригами, аквагрим және тағы басқа үйірмелерді қамтып отырмыз. Одан кейін қажетті заттарының барлығын, бұйымдарын өзіміз алып береміз. Концертке қатыстыратын болсақ, өзіміз костюмдерін дайындаймыз. Барлық қаражаты өзімізден. Ата-ана ешнәрсе төлемейді, ешнәрсе бермейді. Тек уақытылы алып келсе болғаны».

Сонымен қатар, қалалық білім басқармасының қаржыландыруымен қосымша білім беру бойынша роботехника және компьютерлік графикамен айналысуға болады. Үшінші мегаполисте 5 үйірме орталығы жұмыс істейді. Олар Sunny life, Отырар мөлтекауданы, Рыскулова 60/1; fairy art, крейсера Аврора 26; Марлен Алпысбаева 104; Ип Сәрсен, Жандосова 40/1 және Ип Мейірбеков, Өркенді 2/1 мекен-жайында орналасқан.

Сондай-ақ ашылғанына 6 ай ғана болған FGS Болашақ ұрпақ мектебі де есеп беру концертін өткізді. Мектеп тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналарға аз уақыт ішінде жеткен жетістіктерін дәлелдеді.

Балаларға негізгі пәндерді ғана оқытып қоймай қосымша біліммен қамтитын мектеп ата-анадардың да көңілінен шығады. Ең бастысы-балаларымыз мектепке қызығушылықпен барады деген олар мұғалімдерге ерекше алғысын білдірді.

Элеонора Ағабекқызы, ата-ана: «Осы мектепте менің егіз қызым оқиды. Мектептің бір ерекшелегі мұғалімдер балаға басқаша қарым-қатынаста. Баланы қинап оқытпайды. Олар өз еркімен оқитындай, өз еркімен телефоннан бас тартады. Мектепте балалардан телефонды алып қоймайды. Балалр саналы түрде телефон қолданбайды. Жалпы баланы шығармашылққа баули отырып, негізгі академиялық сабақтарға құштарлығын арттырады бұл мектеп».

Луиза Досжан, ата-ана: «Мен бұл мектепке көп-көп рақмет айтамын. Мұғалімдерә, сабақ беру әдісі өте керемет. Соның арқасында қызымның қызығушылығы артты. Мектепте жақсы көңіл-күймен барады. Оған да қатты ұнайтыны сөзсіз».

Айта кетейік, қазіргі таңда мектепте 350 бала білім алады. Ал қаладағы 5 үйірме орталығындағы 1500 жуық бала қосымша біліммен қамтылған.

Құрылтайшылар: Қарымсаков Жандос Ергалиевич, Таскимбаев Ақылжан Оңалбекович,
Куватбекова Айганым Акылбековна

Телефон нөмірі: +7 701 797 30 32, +7 705 483 64 64

ЛИЦЕНЗИЯ: № KZ72LAA00032564 27.08.2022 ж. берілген