Шымкентте бірнеше жаңа спорт нысаны салынып жатыр

67

Шымкентте спорттық орталықтар саны 1075-ке жетті. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 3 нысанның құрылысы басталды.

Ал «Металлург» стадионын реконструкциялау және №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу жұмысы 2020 жылы басталған еді. Құрылыс 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бүгінде Бозарық-3 шағынауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорттық ғимаратын тұрғызу барысы қарқын алды. Қазіргі таңда 4 спорттық нысанды жеке кәсіпкер өз қаражатына салып жатыр.