Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылды

38

Бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен кейін бірнеше қазақстандықтың хабар ошарсыз кеткені  туралы мәлімет тараған еді. Түркия елшісі жер сілкінісінен кейін төрт қазақстандықтың із-түзсіз жоғалып кеткендігін айтқан болатын.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман-есен табылды, – деп хабарлайды Отырар.

Түркияның Хатай провинциясы, Антакия қаласында хабарсыз кетті делінген қазақстандықтарды іздеуге шыққан топ Сабина Мамадьярованың аман табылғанын хабарлады. Олардың мәліметі бойынша, отандасымыздың қолы сынған. Қазір ол ауруханаға жеткізілген. Сабина әріптестерімен бірге барған. Қасындағылары әлі де іздестірілуде.

Дәл қазіргі сәтте үйінділерді аршу жұмыстары жүргізілуде.