Úı ANONS Шымкент пен Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді

Шымкент пен Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді

фото elordainfo.kz

2-нен 3 қарашаға қараған түні Шымкент пен Түркістан облысында әлсіз жер сілкіністері тіркелді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының сейсмикалық станция желісі 2025 жылдың 3 қарашасында Астана уақыты бойынша сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстанда орналасқан.

Эпицентрдің координаттары:
ендік — 36,843° N, бойлық — 67,364° E.

Фокустық тереңдік — 120 км.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 14,2.
Магнитудасы — MPV 6,2.

MSK-64 шкаласы бойынша болжамды қарқындылық:

Шымкент қаласы – 2 балл
Түркістан облысы: Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылы – 2 балл, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ешқандай шығын немесе құрбан болғандар туралы хабарланған жоқ.