Жасы жетпіске таяған әжейдің үйін сатқызып, 14 млн. теңгесін алып кеткен

75

Бөгденің атынан несие рәсімдеп, үйін сатқызып жіберген азамат ұсталды. Оқиға Шымкент қаласында болған.

Әл-Фараби АПБ-на арызданған жетпіске таяған әжейдің айтуынша, бейтаныс адам банктердің бірінен 480 000 теңге несие рәсімдеп беретінін айтып, сол арада сеніміне кіріп, өзіне тиесілі үйін де 14 млн теңгеге сатқызып жіберген. Ал түскен қаржыны алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 14 млн 480 мың теңге. Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел іздестіру шараларының арқасында күдікті бір тәулікте қолға түсті. Ол Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.