Бас прокуратура көлік жолдары саласының жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша 300-ден астам заң бұзушылықты анықтады, мемлекет кірісіне 2,5 млрд. теңге өтелді. «29 қылмыстық іс қозғалды, 305 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жөнделген учаскеге 148 миллионнан астам бюджет қаражатын артық жұмсау фактісінің алды алынды және кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.
Ақмола өңірінің Қоянды кентінде мердігер ұйым 907 млн. теңгеге күрделі жөндеу және жергілікті жол құрылысын жасамағандығы белгілі болды.
Бүгінгі күні шарт бұзылды, өңірдегі прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап, оның шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың мән-жайлары анықталуда.
Солтүстік Қазақстан облысында облыстық жолдарды жөндеуге бөлінген 423 млн теңгені жымқырды деген айыппен Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің және жергілікті мердігер мекеменің басшылары қамауға алынып, жауапқа тартылды.