Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека алған адамдардың санын жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, 2 наурызға дейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша 894,9 млрд теңге игерілді.
Барлығы 66 865 адамға ипотека берілді. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 894,9 млрд теңге игерілді. Өтінімдердің басым бөлігі үш қалада мақұлданды.
Олар: Астана – 23 777 адам (370,7 млрд теңге);
Алматы – 13 285 адам (203,7 млрд теңге);
Шымкент – 5 109 адам (62,1 млрд теңге).
Айта кетері, бағдарлама 2018 жылы іске қосылды. Жұмыс істейтін азаматтарды 20%-тен бастап алғашқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ипотекамен қамтамасыз етуге арналған. Несие уақыты – 25 жылға дейін. 2023 жылы «7-20-25» бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлініп отыр.