Úı ANONS Сарыағаш ауданындағы 900 орындық мектептің құрылысы қазан айында аяқталады

Сарыағаш ауданындағы 900 орындық мектептің құрылысы қазан айында аяқталады

Түркістан облысында биыл 34 мектеп ашылады. Солардың бірі –Сарыағаш қаласы, «Самал» шағынауданында салынып жатыр. Бұған дейін бала санының өсуіне байланысты №60 жалпы орта мектебінің үш ауысымға өту қаупі туындаған еді. Осыған байланысты, жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр.

900 орындық білім ордасында оқу корпустары, физика, химия, биология кабинеттері, асхана сондай-ақ спорт алаңшасы бар.Сонымен бірге оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін орнату қарастырылған. Жоспарға сәйкес, нысан биыл қазан айында тапсырылады.

Айта кетсек, бүгінгі таңда аудан бойынша 7 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 3 мектеп биыл пайдалануға берілсе қалған 4 мектептің құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.