Құрылысы кешеуілдеп тұрған мектептер тексерілді

68

«Amanat» партиясы проблемалық, нысандардың құрылысын назарға алмақ. Ол үшін елемізде тамыздың соңына дейін 400 ден астам бақылау бекеті ашылды. Ең алдымен құрылыс сапасы мен бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі, жұмысшылар жалақысының уақтылы берілуі тексеріліп, қадағаланбақ.

Қазір мұндай бекеттер 114 білім беру мекемесінде ашылған. Әрбір нысанда техникалық паспортқа ұқсас шағым немесе өтініш жіберуге болатын жауапты тұлғаның байланыс нөмерлері бар тақтайша орнатылады. Осы күні Алматының Наурызбай ауданында салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылыс барысы тексерілді.

Мердігер ұйым құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп сендірді. Ал, Қызылордадағы «Бәйтерек» шағын ауданындағы мектеп жыл соңына дейін салынып бітеді.

Шынар Оразова