Кентаулық оқушы «Қара жорға» билейтін робот жасап шықты

65

Кентау қаласындағы № 23 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Аружан Смайыл билей алатын робот жасап шығарды.

Аружан оқушылар сарайына барып, робототехника үйірмесіне қатысып жүр.
«Біздің басты мақсатымыз – «Арқан тартыс», «Көкпар», «Теңге алу» сияқты ұлттық ойындарымызды техникалық саламен байланыстыру және өскелең ұрпақтың біліміне тікелей жол ашу», дейді Ақниет Елемесова.
Оқушының айтуынша, үйірмеге қатысқаннан кейін оның робототехникаға деген қызығушылығы артқан.
Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба құрғысы келді.
«Қара жорға» билейтін ерекше роботты мектеп оқушысы наурыз мерекесіне орай жасаған. Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математика пәндерін де жақсы оқиды.