Өзбекстандық дәрігерлер Шымкенттегі емдеу тәсілін өз тәжірибесіне енгізбек

31

Өзбекстандық дәрігерлер Шымкентке келді. Шетелдік мамандар жергілікті дәрігерлердің оңалту еміндегі тәсілдерін өз тәжірибесіне енгізбек. Осы мақсатта көрші елден келген медицина мамандары қаладағы оңалту орталықтарына барып, сал дертіне шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарымен кездесті.

3 жастағы Хадиша екі айлық кезінде миына қан құйылып, сал болып қалған. Содан бері балақай тұрақты түрде оңалту орталықтарында ем қабылдап келеді. Екі айлығында инсульт алған сәбиге дәрігерлер «сол жақ қолының гемипарезы» деген диагноз қойған. Қазір Хадиша анасымен бірге қаладағы №1 оңалту орталығында ем алуда.

18 жасқа дейінгі балаларды емдеуге бағытталған қаладағы №1 оңалту орталығында қазір неврологиялық ауруға шалдыққан 110 бала ем алуда. Өзбекстандық мамандар осында емделіп жатқан кішкентай пациенттер мен олардың ата аналарымен кездесіп, оларды емдел тәсілдерімен танысты

Орталықтағы мамандарлдың сөзінше, оңалту еміндегі «Кинестетикс» әдісі сал аруына шалдыққан науқастардың тірек қимылын қайта қалпына келтіруді реттеп, оңалту жұмыстарын жоғары сапада жүргізуге зор септігін тигізуде. Сондықтан жергілікті дәрігерлер осы тәсілдің артықшылығы турасында шет елден келген мамандарға кеңінен түсіндіріп берді.

Сирожиддин Холмуминов, Өзбекстан Республикалық мамандандырылған терапия және медициналық оңалту ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының өкілі: «Шымкентке келген мақсатымыз – осындағы оңалту орталықтарындағы мамандармен іскерлік байланысты нығайтып, тәжірибе жинақтау. Осы мақсатта №1 оңалту орталығының басшылығымен меморандумға қол қойдық. Екі жақты келісім арқасында бір бірімізден үйренеміз көп болары сөзсіз».

Айта кетейік, Ташкент қаласынан келген дәрігерлер қалдағы бірнеше оңалту орталығындағы жұмыспен танысты. Сапар аясында екі ел арасындағы медиицналық туризимді дамыту мақсатында меморандумға қол қойылып, әріптестік байланысты нығайту мақсатында тәжірибелік жұмыстар жүргізілмек.

Лаура Нақыпқызы