Úı ANONS Полицейлер «Кыздар.нет» сайтынан жеңіл жүрісті қыздарды анықтады

Полицейлер «Кыздар.нет» сайтынан жеңіл жүрісті қыздарды анықтады

Түркістан облысының полицейлері адам саудасы, жыныстық әрі еңбек қанауына байланысты деректердің алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық, рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Мәселен Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері рейд барысында, Түркістан қаласы аумағында 8 жеңіл жүрісті қызды анықтады. «Кыздар.нет» сайтына тіркелген бұл қыздар Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.
Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін жеңіл жүрісті қыздарды полиция пунктіне жеткізіп, профилактикалық есепке қойды.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» мен ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.