Шымкентте бір топ жеңіл жүрісті қыздар мінген көлік жол апатына ұшырады

1659

Шымкентте жол апатына түскен көліктер дүкеннің есігін қиратты. Оқыс оқиға кезінде BMW және Гольф маркалы көліктері соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігі қатты жылдамдықпен келген. Салдарынан көшедегі дүкен мен басты жолда келе жатқан Гольф көлігімен соқтығысқан.

Оқыс оқиға куәгерлерінің айтуынша, апатқа түскен көлікте интимді қызмет көрсететін бір топ қыздар болған. Апат салдарынан жарақат алған қыздар жедел жәрдемді күтпей-ақ оқиға орнынан қашып кетіпті.

Дегенмен апат кезінде зардап шеккен жүргізушілердің бірін «Жедел жәрдем» қызметкерлері ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер көлік жүргізушінің бас ми жарақаты алғанын растады.