Үш күнде 6 жеңгетай ұсталды

577

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында жүргізілген «Трафикке тосқауыл» атты жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері притон және жеңгетайлықты ұйымдастыру бойынша 6 жайттың бетін ашты.

??????????????????????

Рейдті 2015 жылдың 26-28 наурызы аралығында облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – адам саудасының алдын алу және еңбек пен жеңсікқұмарлық құлдығын анықтау болатын.

Түн ішіндегі тексеру барысында шұғыл қызметкерлер Шымкент қаласының аумағында орналасқан көңіл көтеретін орындар, қонақ үйлер және сауналарды аралап шықты. Соның нәтижесінде 6 жеңгетайлық факті анықталды.

Соның бірінде жеңіл жүрісті қызды интимдік қызмет көрсетуге шақырғаны үшін бір саунаның әкімшісі ол қыздан сыйақы ретінде екі мың теңге алған. Тексеру кезінде әкімшіден арнайы белгіленген сол ақша табылды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары 30 жеңіл жүрісті қыздарды есепке алып отыр.

Аталған жайтқа байланысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 309-бабы – жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жеке мүлкін тәркілеу және бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында жеңгетайлық және притонды ұйымдастыру дәйегі бойынша 7 жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Осы арада полиция қызметкерлері облыс орталығының тұрғындарына және қонақтарына адам саудасына қатысты орын алған қылмысқа куәгер болған жағдайда, ОҚО ІІД-нің 98-00-56 сенім телефонына хабарласуларын өтінеді.