Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда деңгейі 34 пайызға өсті

56

2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда деңгейі 34%-ке өсті. Қазақстаннан Қытайға экспортталған негізгі тауар ішінде мұнай мен металл, ал импорт бойынша смартфон мен компьютер бар.

«2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 24,1 миллиард долларды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 34,1%-ке артық», – деп жазылған energyprom.kz зерттеуінде.
Қазақстаннан экспорт бір жылда 34,7%-ке өсіп, 13,2 миллиард долларды құрады. Қазақстанның Қытайға экспортының үлесі елдің жалпы тауар айналымының 15,6%-ін құрады.
Қытайдан Қазақстанға импорт бір жылда 33,5%-ке өсіп, 11 миллиард долларды құрады. Республиканың импорт құрылымындағы Қытайдың үлесі 21,9%-ті құрады.
Қазақстанның Қытайға экспортының негізгі санаттарының ішінде шикі мұнай мен мұнай өнімдері, тазартылған мыс және мыс қорытпалары, табиғи газ бірінші орында тұр.
Сонымен қатар Қытайдан Қазақстанға импортталған негізгі тауарлар арасында телефондар мен смартфондар, сондай-ақ компьютерлер, киім-кешек, шиналар мен автокөлік бөлшектері бар, деп жазылған шолуда.