Шымкентте автобус жүргізушілерінің жалақысы артады

72

Автобус жүргізушілерінің жалақысы көтеріледі. Шымкентте «кондукторсыз жүйе» енгізілгеннен кейін, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмысы қиындады. Сондықтан, қалалық транспорт басқармасы наурыз айының жалақысын кемінде 50 пайыздан жоғары көтеруді жоспарлап отыр.

Бұл шешім көлік компанияларымен бірге келісілген. Демек, бұған дейін айына шамамен 160-170 мың теңгеге қызмет көрсетіп келген жүргізушілер сәуір айында 240 мың теңгеден жоғары айлық алатын болады.

Мұқтар Қоқанбаев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының басшысы: «Жалақысы міндетті түрде көтеріледі. Қазір осы мәселе қаралып жатыр. Нақты қандай суммаға көтерілетіні жөнінде әрбір жұмыс берушілермен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Көтерілетіні айдан анық. Біз кемінде 50 пайыздан жоғары болады деп отырмыз. Бірақ одан да көп болуы мүмкін. Жүйе бірінші наурыздан енгізілді. Жүргізушілер наурыз айының айлығын сәуірде алады, сол кезде бірден осы көтерілген жалақысы түседі».

Сондай-ақ, жолаушыларды хабарландырып отыратын кондуктор болмауына байланысты, автобустарда аудихабарлама орнату да қолға алынған. Қазірдің өзінде 100-ге жуық көлікте аялдамаларды айтып отыратын арнайы құрылғы қарастырылған. Алдағы уақытта барлық автобусты осындай құралмен қамту жоспарланып отыр. Әлеуметтің әлеуеттік-экономикалық жағдайын жақсарту жолындағы бір қадам болмақ.

Мұқтар Қоқанбаев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының басшысы: «35, 27, 12, 84, 74. Осы 5 маршрутқа қызмет көрсетіп жатқан 12 метрлік автобустарда аудиохабарлама жасау мүмкіндігі қаралаған. Бірінші 35-ке енгізген. Қалғандарына осы 1-2 ай көлемінде толық іске қосылады. Ал қаладағы өзге маршруттарға мұндай аудиохабрлама жасау үшін көп қаржы қажет екен».