Úı ANONS Шымкентте жол апаты салдарынан Lexus өртеніп кетті

Шымкентте жол апаты салдарынан Lexus өртеніп кетті

Шымкентте екі көлік соқтығысып, соңы алаулаған өртке ұласты. BMW көлігі жол апатын жасаған,  салдарынан Lexus өртеніп кетті, деп хабарлайды ОТЫРАР. ⠀

Жол-көлік оқиғасы 27 наурыз күні сағат 21:30 шамасында Сыпырған ата көшесінде болған.

Лексус пен BMW жол қиылысында соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін Lexus отқа оранды. Оқиғадан кейін BMW көлігі қатты зақымданған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW жүргізушісі зардап шекті, ол ауруханаға жатқызылды.