Шымкенттік кәсіпкерлер несиесіне субсидия беріліп жатыр

38

Үшінші мегаполисте «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында өндіріс орнын кеңейтушілер саны артты.

Соның бірі – «Юникс-Beverage» ЖШС. Ол нарықта TASSAY суымен танымал. Компания өндіріс аясын кеңейту мақсатында «Даму» Қорының жеңілдетілген несиесін алды. Атап айтқанда «Bank RBK» АҚ-ы 21,25%-бен несие берді. Ал оның 14,25%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Нәтижесінде Тассай кәсіпорны қосымша газды сулар шығаруды қолға алды. «Даму» Қоры 1 миллиард теңгеге дейінгі қаржының 50 пайызын субсидиялайды.