Úı ANONS Тұран ауданында 29 көше орташа жөндеуден өтеді

Тұран ауданында 29 көше орташа жөндеуден өтеді

Биыл Тұран ауданына қарасты 29 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы аудан әкімі Боранбай Болатбеков мәлімдеді.

Асфальт төсеу жұмыстары Карл Маркс, Қазығұрт елдімекенінде 1, Ақтас елдімекенінде 4, Құрсай елдімекенінде 13, Агропром, Айкөл елдімекенінде 3, Жаңаталап, Агрофирма, Қарасу елдімекендерінде 2 көшеге жоспарланған.

Құрсай елді мекеніндегі 40 көшеге шағал тас төселеді. Құрылыс жұмысы сәуір айында бастау алмақ.