Жетісай ауданында 335 гектар жер игерілмеген

47

Жетісай ауданында бос жатқан жерлерді игеру, қала мен ауылдық округтердегі заңсыз құрылыстарды жою мәселесі талқыланды.

Былтыр ауыл шаруашылығы мақсатындағы 351 га жер пайдаланылмаған. Тексеріс барысында 9 гектар алқап ерікті түрде мемлекетке қайтарылды. Биыл 335,85 гектар ауыл шаруашылығы және 2 гектар кәсіпкерлік мақсатындағы игерілмеген жер учаскесін мемлекетке қайтару жұмысы жүргізіледі.

Сонымен қатар құжаты жоқ және өз мақсатына сай пайдаланылмаған 61 нысан анықталды.