Úı ANONS 21 жасқа толмаған жастарға микронесие беруге тыйым салынбақ

21 жасқа толмаған жастарға микронесие беруге тыйым салынбақ

21 жасқа толмаған жастарға микронесие беруге тыйым салынбақ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы арқылы оң-солын енді таныған қыз-жігіттерді пайызы көп несиеден қорғауды көздеп отыр. Десе де, қаулы күшіне енген жоқ.

Әзірге ашық талқылауға шығарылған. Шағын несие беру жасын 18-ден 21-ге көтеруді бұған дейін жастар ұйымдары да ұсынған болатын . Өйткені, қарыз алып, оны құмар ойынға немесе қаржы пирамидаларына жұмсайтындар көбейгені айтылған. Оның үстіне несие көлемі шамадан тыс артып барады. Десе де, микроқаржы ұйымдары бұдан пайда жоқ деп отыр.