Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, кәсіпкерлік саланы реттеудің жаңа тәсілдері енгізілді. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік бақылауды жүргізу оңтайландырылмақ.
Атап айтқанда, қашықтықтан бақылау арқылы бизнес өкілдеріне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға құқық беріледі. Бұл кәсіпкерлерді жөн-жосықсыз тексеріп, айыппұлдар салудың жолын кеспек.