Мектеп түлектері кілем фабрикасының жұмыс барысын бақылады

57

Мектеп оқушылары өндіріс алаңын аралады. Қаламыздағы 2 мектептің түлектері қаламыздағы ең ірі кәсіпорынның бірі «Бал Текстиль» компаниясының бір күндік тыныш-тіршілігімен танысты. Фабрика ішін аралаған жастар, жаңа кәсіп түрін меңгеріп қайты.

Үшінші мегаполисте мектеп түлектері өндіріс алаңдарын аралады. Қаламыздағы ең ірі кілем фабрикасына барған Мөлдір Әбілқазым шабыт алғанын айтады. Ол келешекте дизайнер мамандығын таңдағысы келеді. Ол зауытта көрген кілем үлгілеріне қарап, қазақтың ұлттық нақышты еден төсеніштерін халық арасында насихаттауға деген құлшынысы оянғанын айтады.

Мөлдір Әбілқазым, 9 сынып оқушысы: «Бұл жерде кілемдерді қалай өндіреді, жіпті қалай шығарады? Соны көріп танысып жатымыз. Мен дизайнер мамандығын таңдап жатырмын. Мен осында келіп одан сайын құштарлығымды арттырдым десем болады. Осында келіп кілемдерді көрдік. Соның арқасында біздің өзіміздің нақыштағы кілем жасап шықсам деген идея келді»

Ал фабрикада 450-ден аса маман жұмыс істейді. Алпауыт өндіріс орны жақын арады тағы да жаңа 15 кілем тоқитын құрылғымен толығады. Соған орай жұмыс орны да ашылады деп жоспарланған. Сондықтан кәсіпорын маманы мұнда білікті жастардың еңбегі сұранысқа ие екенін айтады.

Нұрғали Тоқсанбай, «Бал Текстиль» ЖШС-нің өндіріс басшысы: «Жұмыс істеймін деген жастар, студент біздің фабрикада өз орнын табам дегендер болса, кез келген жстарға жұмыс бар. Бізге көбіне дизайнер, тоқымашы керек болады. Одан бөлек технолог, механик мамандар керек. Көбіне техникалық мамандар. Соның ішінде жеңілөнеркәсіп саласы»

Мектеп оқушыларын өндіріс орнына апарып, жұмыс барысын таныстырудың мақсаты, өскелең ұрпаққа техникалық мамандықтардың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру. Сонымен қатар қоғамқа қажетті сала мамандардарын жасақтауға үлес қосу.

Мұратжан Шотанов, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы: «Бұл жобаның негізгі мақсаты – бітіруші түлектер, жастарымыз кәсіби бағдар беру. Өздерінің кәсібін сүйіп жасауына, таңдауына көмек көрсету. Жобаның ерекшілігі әр семинар тренинг өткізген соң, осылай өндіріс орнына апарып, бір күндік жұмысымен таныстырып жатырмыз»

Алдағы уақытта оқушыларды өндіріс орнынан бөлек мемлекеттік мекемелер мен БАҚ-да жұмыс барысы қалай жүретінін таныстыратын болады. Жоба аясында оқу жылы аяқталғанша 200 балаға кәсіби бағыт бағдар беру көзделген.