Тәртіп сақшылары балаларға жол қауіпсіздігін үйретуде

46

Ел аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы қолға алынып, қарқынды түрде жалғасып жатыр. Балалардың жол-көлік оқиғалары кезіндегі зардап шегуі, жарақат алуының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқушылардың мектепке барып- қайтатын, олар жиі баратын көпшілік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Жолдағы қозғалыс бағыттарын арнайы іс-әрекетпен көрсету арқылы жол ережелерін жаттатты.
Акция аясында Шымкент қаласына қарасты Абай АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция тобының инспекторы М. Ізбасарова бастауыш сынып оқушыларына “Жолда абай бол!” тақырыбында сабақ өткізді. Тақырыпқа сай, жол ережелері түсіндіріліп, оқушыларға сұрақтар қойылды.
«Сабақ барысында оқушыларға көшеде және жолда жүру дағдыларын қатаң сақтап, жол ережесін жіті түсіндірдік. Сонымен қатар, көлік көп өтетін жерде жолды тек белгіленген орындарда және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту керектігін ескертіп, жол жүрісі ережелерімен таныстырдық. Балалар сабаққа белсенді қатысып, қауіпсіздік ережесі бойынша маңызды мағлұматтар алды»,- дейді тәртіп сақшысы.
Сондай-ақ, Еңбекші аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция тобының инспекторлары «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында білім ұяларында сабақ өтіп, оқушылардың жол қауіпсіздігі бойынша сауаттарын арттыруға атсалысып жатыр.
Мәселен, Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Э.Абдурахманова №31 «В.Терешкова атындағы мектептің бастауыш сынып оқушыларына арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақ барысында көрнекіліктер пайдаланып, бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережесін егжей-тегжейлі таныстырылды.
«Әрбір баланың мектептен тыс жерде жүргенде жол ережесін сақтау өте маңызды. Осы ретте, балаларға көшеде және жолда жүру дағдыларын қатаң сақтап, жол ережесін жіті түсіндірдік.
Сонымен қатар, көлік көп өтетін жерде жолды тек белгіленген орындарда және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту керектігін ескертіп, жол жүрісі ережелерімен таныстырдық. Балалар сабаққа белсенді қатысып, қауіпсіздік ережесі бойынша маңызды мағлұматтар алды»,- дейді полиция майоры.
Айта өтетін ақпарат, «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жобасы ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес республика көлемінде қолға алынған. Аталған іс шара Шымкент қаласының аудан аумақтарындағы мектеп оқушыларын қатыстыра отырып, түрлі сабақтар өткізу арқылы жүзеге асады.