Төлебиде екі жас жігіт жерлесін пышақпен қорқытып, 2 млн теңге бопсалаған

159
Ақша бопсалаушылар

Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласының тұрғыны ақша бопсалаушылардың құрбаны болды. Осылай деген ол Түркістан облысының Полиция департаментіне арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреулер пышақпен қорқыту арқылы күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған. Оның арызы Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігі «Қорқытып алу» бойынша тіркелді.

Төлеби ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер нәтижесінде 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен 2 жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған, Төлеби ауданының тұрғыны.

Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден жәбірленушінің қаражатын тәркіледі. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 6 дана оқ табылып, тиісті сараптама тағайындалды.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктілердің басқа да қылмыстарға байланысы бар-жоғы анықталуда» делінген полиция мәліметінде.