Жаңа сайланған депутаттар халықтың аманатын орындауға дайын ба?

60

Жаңа құрамдағы парламентке де, мәслихатқа да шымкенттіктер үлкен үміт артып отыр. Олар халық қалаулыларынан шарықтап бара жатқан бағаларды тұрақтандыру, шахардың экономикасын дамыту арқылы халықтың тұрмысын жақсартуға атсалысуды талап етеді. Ал жаңа депутаттар президенттің бізге жүктеген міндеттерін, халықтың аманатын орындауға ат салысамыз деп жігерленіп отыр. Шынар Оразова сабақтайды

Мегаполис тұрғындары, сайлаудан кейін экономикалық реформа басталады, жаңадан жасақталған парламент , мәслихат осы бағытқа басымдық беріп, білек сыбана жұмыс істеуі қажет деп санайды. Президенттің жүктеген міндеттеріне байланысты барлық сұрақтар дер кезінде талқыланып, тиісті заңдар қабылданып, халық сұраған көптеген мәселелер дер мезгілінде шешімін табады деген үміттеміз дейді олар.

Сауалнама

Түрғын: «Ия,өзгеріс болады , сенемін. Халықтың әл-ауқатына көп көңіл бөлу керек. Сенемін Жаңа Қазақстан болатынына. Тек біз шикізатты сата бермей, өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз керек. Отандық өнімдерді көбірек шығаруымыз  керек».

Тұрғын: «Депутаттар айтады да қояды сайланғанша уәдені төгіп, халық сенбейді, Мен сайлауға бармадым, депутаттарға сенбеймін».

Тұрғын: «Өзгертсе қайда жүр, өзгертпейді ме осыған дейін? Білмеймі тұрмысымыз жақсарады ма, жоқ па? Мен өз пікірімді айтқанда бір нәрсе өзгереді ме? Осылайша үндемей жүргенім дұрыс болар деп ойлаймын».

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына бір мандатты жүйе №1 округ бойынша сайланған Талғат Ысқақов халықтың сенімін ақтауға тырысамын- дейді.

Талғат Ысқақов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: «Партияның, әсіресе халықтың сенімін ақтауға тырысамын. Кездесулерде сайлаушыларымыздың айтқан барлық ұсыныстарын, талаптарын ескеріп жұмыс істейміз. Жаңадан салынған тұрғын үйлердің сапасына қатысты көп шағым айтылды. Осы бағытта және кәсіпкерлікті дамыту, халықтың арасында кәсібін дөңгелетемін деген азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар барын түсіндіріп,  мүмкіндікті пайдалануға қолдау көрсетеміз».

Жаңадан жасақталған қалалық мәслихат депутаттығына «Ақ жол» партиясынан ұсынылып, бір мандатты округте жеңіске жеткен Дулат Қуашбаев, сайлаушыларымыздың аманатын, президентіміздің бізге жүктеген міндеттерін орындауға бар күшімізді саламыз деп бекініп отыр.

Дулат Қуашбаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: «Президент «Ақ жол» партиясының  демонополизацияға қатысты, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша  идеяларын қолдайтынын айтты. Инвестицияларды тарту  жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі ретінде  кәсіпкерлікті қолдап, оларға жағдай жасау бойынша ықпал етеміз. қазіргі таңда қаланың іргесінде жаңа индустриалдық аймақтар ашылуда. Ол жерде шағын және орта бизнес өкілдеріне салықтан жеңілдіктер және де басқа да қолдаулар қарастырылған».

8-ші шақарылымдағы мәслихаттың жаңа құрамы президенттің сала-сала бойынша берген тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалуын, Мәжілісте қабылданған заңдар, үкімет тарапынан қолданысқа енгізілген мемлекеттік бағдарламаларды халық арасында түсіндіріп, олардың жүзеге асуын қадағалаймыз дейді.