Жанармайдың қымбаттауы тауар бағасына қалай әсер етеді?

53
фото Ұлт.кз

Жанар-жағармай қымбаттағаннан кейін халық тұтынатын тауарлар бағасы болмашы ғана өзгереді, деп санайды энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов.

Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер жанармай бағасы өскен соң, халық тұтынатын тауарлар тағы қымбаттап кетпей ме деп сұрады.
«Жанар-жағармайдың тауарлар бағасына әсері тым асыра бағаланған деп санаймын. Біз бағаны екі есе көтеріп жатқан жоқпыз ғой. Егер сіздер статистикаға қарасаңыздар, 2021 және 2022 жылдары отын бағасы өзгерген жоқ. Бірақ соған қарамастан тауарлар қымбаттады. Әрине, жанармай қымбаттағаннан кейін басқа тауарларда қандай да бір баға өсімі болады, бірақ бұл жоспарлы инфляция шегінде болмашы өсім ғана», — деп сендірді Ақшолақов.
Айта кетері, энергетика министрлігі бензин мен дизель отынының шекті бөлшек бағасын көтереді:

АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 205 теңгеге дейін;

дизель отыны литріне 295 теңгеге дейін өседі.

Өзгерістер 12 сәуірде күшіне енеді деп жоспарланып отыр