Жоспарда мұнай өндірісін қысқарту тұр

31

Қазақстан басқа ОПЕК+ елдерімен бірге осы жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндірісін одан әрі қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Хабарламада «Қазақстан 2023 жылдың мамыр айынан бастап басқа ОПЕК+ елдерімен бірге өз еркімен мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартады», – деп жазылған.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак, Кувейт және Оман өндірісті ерікті түрде қысқартатынын жариялады. Ресей 2023 жылдың соңына дейін өндірісті тәулігіне 500 мың баррельге қысқартатынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ресейді қоспағанда, бірқатар ОПЕК+ елі жариялаған қосымша қысқарту тәулігіне 1,1 миллион баррельден асады деп бағаланды, деп хабарлады альянстағы дереккөз.