Ағымдағы жылы «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы аясында 32,2 млрд теңгеге 3176 ипотекалық несие және «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 39,7 млрд теңгеге 3610 ипотекалық несие беру жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
«Тұрғын үй бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жетім балаларға 2% жарнамен жеңілдетілген несиелер беріледі. Ал басқа санаттағы кезекте тұрғандарға 5% жарнамен және кемінде 10% міндетті алғашқы жарнамен беріледі. Бұл ретте несиенің мақсаты – әлеуметтік тұрғын үй сатып алу», — делінген ресми жауапта.
Айта кетейік, 2019-2022 жылдары «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 160,5 млрд теңгеге 14 938 несие, 2020-2022 жылдары «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 239,1 млрд теңгеге 19 394 несие мақұлданды.