Итті көлікке байлап сүйреген ер адамның кім екені анықталды

34

Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде “Opel Astra” маркалы автокөлігіне байланған итті сүйреп бара жатқан бейнежазбаға назар аударды.

Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары “Қорғау” қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Құқық бұзушыны тиісті әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін деректер Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жолданды.
Ер адамның сөзінше, ол көшіп келген. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған. Жүргізушіге қатысты учаскелік полиция инспекторлар ҚР ӘҚБтК-нің 407-2 -бабы “Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу” бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.
Сонымен қатар, ер адаммен мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жануарларға қатыгездік жасау заңмен жазаланатыны белгілі.