Ордабасылық мұғалімдер тест кезінде оқушыларға жауаптарды телефон арқылы жіберіп отырған

6758

Ордабасы ауданында тест кезінде оқушылар сұрақтардың жауаптарын телефон арқылы көшірген. Оларды облыстық Түркістан облыстық Білім саласында сапаны қаматамасыз ету департаментіндегілер анықтаған.

Департамент басшысы Ғалымжан Алматовтың мәліметінше, Ордабасы ауданы «Тоқсансай» жалпы орта мектебінде ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп, білім ұясының көрсеткіші 40 пайыздан төмен болып, мектеп аттестатталмаған. Кеше, 18 мамырда аталған білім ұясында қайта тестілеу өткен.

«Осы мектепте өткен оқыту нәтижелерін бағалау бойынша қайта тестілеуге бақылаушы ретінде қатыстым. Тестілеу барысында  екі оқушының жасырын түрде телефон пайдаланып отырғанын байқадық. Телефонды ашып қарасақ, арғы жақтан педагогтер дайын жауапты суретке түсіріп жіберіп, көмектесіп жатыр екен»,-деді Ғалымжан Алматов.

Осыған байланысты аталған мектеп директоры мен 6 мұғалімге тәртіптік жаза көрілді.

Бұған дейін Түркістан облысы Келес ауданындағы мұғалімдер оқушының орнына тест тапсырмаларын орындап бергені туралы жазған болатынбыз.