Қарыз ақшаны кепіл мүліктен өндіру туралы талап қою медиация тәртібімен шешілді

32

Келес аудандық соты, талап қоюшы «Сарыағаш несие» несие серіктестігі» ЖШС-і жауапкерлер К және Б-ға қарыз ақшаны кепіл мүліктен өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Сот отырысында тараптар дауды медияция тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Осы келісімге сәйкес жауапкерлер талап қоюшыға 3 557 116 теңге қарыз ақшаны 2023 жылғы 16 маусымға дейін төлеп беруге міндеттенді. Егер жауапкерлер осы медиациялық келісімдегі міндеттемелерін орындамаса, талап қоюшы қарыз ақшаны кепіл мүліктен өндіру туралы атқару парағын сұрауға құқылы болады және де сот атқару парағында қарыз ақшаны кепіл мүлкінен өндіру тәсілі көрсетілетіні туралы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді және азаматтық істі тоқтатуды сұрады.
Соттың ұйғарымымен тараптардың араларында түзілген медиациялық келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Ұйғарым заңды күшіне енбеген.