Шекарадан электронды темекіні заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

29

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірге «Достық» автокөліктік өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында жүк көліктеріне тиелген ілеспе құжаттары жоқ ірі көлемдегі электрондық темекіні кіргізуге әрекеттенген үш Қазақстан азаматын ұстады.

Тәркіленген тауардың құны алдан ала есеп бойынша 2,4 млрд. теңгені құрайды.

Аталған адамдар мен жүктері одан әрі тексеруді жүргізу үшін Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық бөлімшесіне берілді.