Шымкентте 11-мамырда бастауын алған Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі 14 мамырға дейін жалғасады. Онда сіз, ыңғайлы аяқ киімдермен қатар 30 — дан 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен күртешелер сатып ала аласыз. Абай саябағындағы көркемсурет галереясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтарына жазғы аяқ киімдер топтамасы арнайы жеңілдікпен ұсынылады.
Шымкентте сапалы Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда тауар қолжетімді бағада және оның 500-ден астам түрі бар. Ал тәжірибелі сатушы-кеңесшілер аяқ киім таңдауға көмектеседі. Олар тіпті ең талғампаз сатып алушы үшін де ыңғайлы нұсқаны табады. Жәрмеңкедегі тауар бағасы да көпшілікті қуантады-бір жұп үшін небәрі 10 500 теңге.
Ұлжан Қамытбекова, Шымкент қаласының тұрғыны:»Маған аяқ киімдердің пішіні ұнады. Беларус өнімдері сапалы әрі жайлы».
Айта кетейік, Беларусь аяқ киімдер жәрмеңкесінде 30 — дан 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен керемет күртешелер де сатылып жатыр. Ал әртүрлі өлшемдегі әйелдер мен ерлерге арналған аяқ киімдердің қысқы, жазғы және маусымдық түрлерін, тіпті шығыңқы сүйекті, проблемалы аяқтарға арналған түрлерін де осы жерден табуға болады.
Алена Сотскова, сату менеджері: «Сіздердің шаһарлаыңызда біз бірінші рет емеспіз. Адамдар бізге сапа мен қолжетімді бағалар үшін келеді. Барлық аяқ киімдер шынайы былғарыдан жасалған. Аяқ киімнің 500 -ден астам түрі бар Келіңіздер, біз сіздерге қызмет жасауға дайынбыз».
Шымкенттегі Беларус аяқ киім жәрмеңкесі 14-ші мамырға дейін жалғасады. Демалыс күндері де жұмыс істейді. Жәрмеңке Абай саябағындағы көркемсурет галереясы ғимаратында, сағат таңғы 10-нан -17.00 аралығында өтеді.
Мекен-жайы: Мәделі Қожа көшесі, 2Б. Жәрмеңкеге №61 және №55 бағыттағы автобустармен жетесіз.