Шымкентте патрульдік көлік жол апатына ұшырады

59

11 мамыр күні кешке Құрсай ықшамауданы «Алтын-Дән» аялдамасы маңында жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда балалар жолдың арғы бетіне жүгіріп өтпек болған.

Патрульдік көлік жүргізушісі бірден рөлді жол жиегіне бұрып, салынып жатқан үйдің іргетасына соғылған. Соққының күшті болғаны сонша, полиция қызметкерлері көліктің ішінде қыстырылып қалған.

Қатты соққыдан патрульдік көлікте болған полицейлер зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, апат орын алған жердегі жаяу жүргіншілер өткелі жол қауіпсіздігінің техникалық талаптарына сай емес. Жол сызбалары да, бағдаршамдар да жоқ.

Олжас Айдарбек