Шымкенттің бас ұстазы мұғалімдерді оқушыдан сыйлық алмауға шақырды

44

Ұстаздарға құны 34 500 теңгеден артық сыйлық беруге тыйым салынады. Мұны Антикор да, Оқу министрлігі де ескертіп отыр. Егер мұғалім қомақты сыйлық алса, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 7 миллион теңгеге дейін айыппұл төлейді.

Өйткені, бұл педагог мәртебесіне сай келмейді дейді шымкенттің бас ұстазы. Жалпы биыл ата-аналар тарапынан қандай шағым бар? Білім басқармасы сыйлық алған ұстаздарға қандай шара қолданбақ?

Шымкенттің бас ұстазы Жанат Тәжиева педагогтарды оқушыдан сыйлақ алмауға шақырды. Бұл «ұстаз атына сын» деген білім басқармасының басшысы қазір мұғалімдерге барлық жағдай жасалып отырғанын айтады. Яғни, бұған дейін өзгеріссіз келген жүйені өгертетін уақыт келді.

«5 жылдан астам уақыт болды «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бүгінгі таңда айлық жалақы жағынан ең көп алатын педагогтар екенін жақсы білесіздер. Бір жағынан мектепті бүгін бітірген баладан сыйлық алудың өзі ерсі көрінеді»,-дейді білім басқармасының басшысы.

Жанат Тәжиеваның айтуынша, өткен жылы мұндай фактілер туралы әлеуметтік желіде айтылғанымен, басқарма тарапына нақты дәлелмен ешкім шағымданбаған. Ал биыл мұғалімнің сыйлық алғаны туралы факт болса, ол ұстазға басқарма тарапынан тәртіптік шара қолданылады.

«Біріншіден ол, педагогикалық әдепке жатады. Педагогикалық әдептің мәселесінде қаралады. Екінші, мынау сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің өзі де атап өтті, соған сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жинап жатыр деген ақпарат келді. Ата-аналар жағдайым жоқ деп жазып жатады. Көбі анонимді түрде келеді. Ашып айтпайды. Бірақ әзірге нақты фактілер жоқ»,-деді Жанат Тәжиева.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметінше, заң бойынша мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлық беруге тыйым салынады. Егер заңбұзушылық анықталған жағдайда педагог 2000 АЕК дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал ата-аналар білім басқармасынан бөлек, антикордың 1424 жедел желісіне хабарласып шағым білдіруіне болады.