Тұрғын үй құжаттарын жасап беремін деп алдаған күдікті әйел ұсталды

25
фото Егемен
Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы сеніміне кіріп, үш күн ішінде «тұрғын үй құжаттарын жасап беремін» деп, алдын ала 85 мың теңгесін алған. Алайда арадан біршама уақыт өтсе де, ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамаған. Өзінің сан соғып қалғанын түсінген тұрғын, полиция көмегіне жүгінді.
Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Қазығұрттық полицейлер болған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті әйел адам анықталып, полицияға жеткізілді. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.