Түркістанда «Халықтық кеңсе» қызметіне 2 мыңға тарта өтініш түскен

39

Түркістанда «Халықтық кеңсе» мекемесіне 1711 өтініш тіркелген. Оның 1479-і жеке тұлғадан, 232-сі заңды тұлғадан түскен.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,4%- ға аз. Өтініштердің 1501-і орындалып, 65-і тиісті органдарға жолданды. Ал 152 өтініш бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Тұрғындар арыз-шағымының басым бөлігі тұрғын үй, инфрақұрылым, жер қатынастары, әлеуметтік салаға қатысты.

Шаһар басшысы 101 тұрғынды жеке мәселесімен қабылдап, тиісті бөлімдерге 127 тапсырма жүктеген.