Жаңа жоба: Тұрмыстық қалдықты азық-түлікке айырбастауға болады

87

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды азық-түлікке айырбастауға болады. Өңірдің экобелсенділері осындай тың бастаманы қолға алған.

Қайта өңдеуге жарамды қоқыстың кез келген түрі, шыны, пластик, алюминий шөлмектер мен полиэтилен пакет, қағаз қаптамалар да қабылданады. Мұны бекітілген бағасына сәйкес картоп, қарақұмық, құмшекер мен пияз сияқты әлеуметтік маңызы бар тауар түрлеріне айырбастауға болады.

Ал қабылданған заттар Шымкент, Кентау, Алматы қалаларындағы зауыттарға жөнелтіледі. Айта кетейік, жоба әзірше Сайрам ауданында жұмыс істеп тұр.