Жергілікті тұрғыннан шолақ мылтық тәркіленді

38
Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері атыс қаруын заңсыз сақтаудың кезекті фактісін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер, үйінде қару-жарақ пен оқ-дәрі сақтаған Түркістан қаласының тұрғынын анықтады.
Тінту кезінде жедел уәкілдер жас жігіттен шолақ мылтық пен патрондарын тәркіледі. Аталған факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сараптама тағайындалды. Сондай-ақ күдіктінің атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны анықталуда.