Жетісай ауданында 104 көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр

23

Түркістан облысы, Жетісай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы биыл жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1, 9 млрд. теңге бөлінген.

Қазіргі таңда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1,1 млрд. теңгеге 5 елді мекенде 61 көшеге орташа жөндеу, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн. теңгеге 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, ауданда республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды, ал ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 918,4 шақырымды құрайды.